Үкімет кірме жолдардағы тәртіпті қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр кірме жолдардың тарифтері бойынша кезекті кеңес өткізді.

Үкімет мұндай қызметтердің объективті құнын анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осылайша, талдау барысында уәкілетті органдар 86 табиғи монополия субъектісін анықтады, олар бойынша көрсетілген қызметтер құнының сенімділігіне қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде бірқатар субъектілердің тарифтері төмендетілді. Мысалы, «Кнауф» (Алматы облысындағы құрылыс материалдарын өндіруші) және «Қазхром» АҚ (Ақтөбе облысындағы феррохром өндіруші) қызметтерінің құны вагон/км 2 117,98 теңгеден 147,3 теңгеге дейін төмендетілді. Бұл шаралар тасымалдау шығындарына және осы компаниялардың өнімдерінің соңғы құнына оң әсер етеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы 1 ақпанынан бастап еліміздің бірқатар облысында (Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары) кірме жолдарды ұсыну бойынша қызмет көрсететін 21 субъектінің тарифтері төмендетілді. Үкімет бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыратын болады.

 

primeminister.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика