Президентіміздің сөзі мен ісінің ажырамас қағидасы демократияны орнықтыруға арналған. Демократиялық қоғамда адалдық бірінші орында тұрады. Халық үніне құлақ асатын мемлекетті қалыптастыруға арналған шаралар жыл өткен сайын сөз жүзінде емес іс жүзінде пәрменді жүргізіліп келеді.
Бұрын жоғарыдан шешім алынып, төмендегілердің үлесіне бас шұлғу қалатын. Бұл Президентіміздің халықтық билікті орнатуға ерекше мән берген басты ұстанымы екені әлемге айқын, Қазақ елі түсінеді деп есептеймін. Оның көрінісі парламентті қайта құруға тосын шешім алып мақұлдаңдар демей, халықтың тағдырына қатысты мәселені шешуді өздеріне ұсынып отыр. Бір жыл талқылаңдар, содан кейін референдумда таңдауларыңды жасаңдар деген ұсыныс. Бұрын партиялар қазақ елінің саяси кеңістігінде 2-3 айда болатын өзгерістерді қабылдап шешім алуға үлгермейтін. Биылғы бәсекелі тартысқа жылдан аса уақыт дайындалуына жағдай жасалған. Бұл «Адал азамат» идеясын ұсынып отырған Президентіміздің халқына деген адалдығы. Заңның үстемдігі өз дәрежесіне қойылып, оны еліміздің барлық азаматтарының орындауға міндеттелгендігі іс жүзінде айқындалған.
Сөзімнің соңын ғылыми дәйектерді, өмірдегі деректермен ұштастырған Қасым Жомарт Кемелұлының: «Өркениетті әрі озық елдің заңы – әділ, билігі – білікті, ал азаматтары саналы және белсенді болары хақ» деген тұжырымымен аяқтамақпын.
Өмірзақ Қажымғалиев,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Атырау облысы мен Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері.

