Халық үні ескерусіз қалмайды

(0 Votes)

Жаңа Қазақстанды жарқын болашақ күтіп тұр. Себебі, ел тарихында үлкен өзгеріс жасалғалы тұр. Бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХА сессиясы барысында Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша бүкілхалықтық референдум өткізу туралы идеясы дәлел.

– Конституцияға түзетулер енгізуді парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын. Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз, -дейді мемлекет басшысы. Осыдан-ақ шындық пен бүкпесіз ойдың иісі шығады. Бұл жан-жақты сараланған тарихи шешім болмақ. Өйткені, референдум арқылы әр қазақстандық ел басшысының қандай да болмасын шешіміне жеке пікірін білдіре алатын дәрежеге жетпек. Күні бүгінге дейін қандай да бір бастама бола қалса, шешім  бірден қабылданып, халық толық ақпараттандырылмай жатып өз күшіне еніп кетеді. Сол сияқты, Ата заңымыз осы уақытқа дейін қаншалықты өзгерсе де, ешкім халық пікіріне құлақ аспағаны аян. Ал, қазір басқаша. Енді мұнда айтылған әр үн естіледі. Менің ойымша, бұдан бәрі ұтады. Азаматтар референдумды қолдаса, республикамызда әлеуметтік тұрақтылық та орын алуы мүмкін.

Президенттің осындай күрделі мәселеде соңғы сөзді халықтың өзіне қалдыруы елдегі үлкен өзгерістердің бастауы болса керек. Референдум өткізу туралы айтылғалы бері, алдағы уақытта  Қазақстанның қандай кезең бастан кешері әлем елдеріне де қызық болып, бәрі асыға күтіп отыр. Ал, ол референдум өткізудің еліміз үшін жақсы белгі екенін айқындап, оң қадамды танытады. Сол арқылы билік пен бұқара арасындағы бірлік мен берекенің артқанын білдіреді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521