Келесі жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады

(0 Votes)
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова келесі жылы орташа зейнетақы мөлшері қанша болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.

«Бізде базалық зейнетақы төлемі ұлғайып келеді. Биыл базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60% дейін артты. Келесі жылдан бастап біз ең төменгі шекті тағы 5% көтереміз. Оған қоса, инфляция деңгейіне индекстеу жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы және 2024 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған төлемдері бар барлық зейнеткерлерге индекстеу 7%-ға, жалпы 9%-ға жүргізіледі», - деді Светлана Жақыпова.

Еңбек министрінің айтуынша, қазақстандықтардың өткен жылғы орташа зейнетақысы 120 мың теңге болса, келесі жылы – шамамен 130 мың теңге болады.

Сонымен бірге, 1 қаңтардан бастап, зиянды өндірісте жұмыс істейтіндерге 208 мың теңгеге дейін арнайы төлемақы төленеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521