Мұндай шешімдер еліміздің бірнеше мектебінде, соның ішінде Астана қаласындағы №101 «Келешек мектебінде» пилоттық негізде қолданыста. Бұл мектепте жасанды интеллектпен жұмыс істеуге арналған заманауи цифрлық құралдар мен әдістер сынақтан өтіп жатыр. Білім беру ортасына кезең-кезеңімен Roqed AI, Aqyl, Google Workspace for Education және жасанды интеллект негізіндегі Kahoot сияқты шешімдер жүзеге асырылады.
«Жасанды интеллект қазіргі таңда тек оқыту құралы ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің көмекшісі, оқушының серіктесіне айналуда. Біз технологиялар ойлау, коммуникация және жеке жауапкершілік дағдыларын дамытуға қызмет ететін білім беру ортасын қалыптастырып жатырмыз», деді Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші сарапшысы Әсем Сарыбекова.
Сондай-ақ, білім беру ұйымдарына Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген, жасанды интеллектті қолданудың этикалық стандарттарын қамтитын нормативтік құжаттар жолданған.

