Президент Жолдауы қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайында Қазақстан дамуының негізгі бағытын айқындап берді. Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандырумен қатар, цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытуды ел бәсекеге қабілеттілігінің басты тетігі ретінде атап өтті.
Бүгінде жасанды интеллект басқару жүйесін жетілдіруге, еңбек өнімділігін арттыруға және мемлекеттік қызметтің тиімділігін көтеруге мүмкіндік беріп отыр. Бұл технологияларды енгізу халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартып, ашықтық пен жеделдікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Президент адами капиталды дамытуға, білім мен ғылымды қолдауға ерекше мән берді. Жасанды интеллект саласына бейімделген мамандарды даярлау – ел болашағына салынған маңызды инвестиция.
Қорыта айтқанда, Жолдауда айқындалған басымдықтар уақыт талабына толық жауап беріп, Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалайды.


