Президент Жолдауында қоғам дамуының бүгінгі беталысы нақты айқындалды. Қазіргі кезең – құрылымдық өзгерістер мен жаңару дәуірі. Мемлекет үшін экономикалық тұрақтылықпен қатар, адам капиталының сапасын арттыру, білім беру жүйесін жетілдіру және ғылымды қолдау басты басымдықтардың біріне айналды.
Бүгінгі таңда цифрландыру мен жасанды интеллект қоғамдық өмірдің барлық саласына дендеп еніп отыр. Бұл үдеріс мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Ақпаратқа қолжетімділіктің кеңеюі азаматтардың қоғамдық үдеріске белсенді араласуына мүмкіндік беріп, ашық қоғам қалыптастыруға ықпал етуде. Сонымен қатар, қоғам дамуының бүгінгі беталысы ұлттық құндылықтар мен рухани мұраны сақтаумен тығыз байланысты. Жаһандану жағдайында төл мәдениет пен тілдің рөлін күшейту – уақыт талабы. Осы орайда жастардың білімге, еңбекке және жауапкершілікке деген ұмтылысы ел болашағын айқындайды. Қорыта айтқанда, қоғам дамуының бүгінгі бағыты – жаңашылдық пен дәстүрдің үйлесімі. Мемлекет пен қоғамның бірлескен іс-әрекеті арқылы ғана әділетті, тұрақты және бәсекеге қабілетті Қазақстанды қалыптастыру мүмкін.
Құрманғазы ауданы


