Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынды

(0 Votes)

Энергетика министрлігі, Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрыққа өзгеріс енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

Бұған өндіруші көрсеткен көліктердің газ цистерналарында тасымалданатын майлау майлары мен жанармай кірмейді. Ғылыми зерттеулер, біліктілік және зертханалық сынақтар мақсатында авиациялық жанармайды әкетуге де уәкілетті органдармен келісім бойынша рұқсат етіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT