Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің мазмұнына баға беру

(0 Votes)

Мемлекеттік қызметшіге Әдеп кодексін сақтау өте маңызды, себебі ол тікелей адамдармен жұмыс жасайды және әртүрлі әлеуметтік топтағы адамдармен қарым- қатынаста болады. Сондықтан, мемлекеттік қызметшінің сыртқы бейнесі, киім-киісі, қимыл әрекеттері, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы мәдениеттің үздік үлгісіне айналуы керек, себебі мемлекеттік қызметші- биліктің айнасы.

Әдеп кодексінде атап көрсетілген барлық қағидаларды мемлекеттік қызметшілер орындауы тиіс және барлық уақытта бұл ереже естерінен шықпауы тиіс. Әдеп  Кодексінде  мемлекеттік қызметшінің не істеуі қажеттілігіне дейін атап көрсетілген.

Мемлекеттік қызметшілер азаматтармен  және ұжыммен қарым-қатынас кезінде  сыпайы болуы керек. Өз кезегінде, халықпен өзара іс-қимылдың негізгі көрсеткіші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің  сапасы болады.

Сондықтан мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша тұрақты шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар ретінде халықтың қажеттіліктеріне бағдарлану қажет. Еліміздің ертеңі – бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің парасаты мен ар-ожданына және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, елге адал, абыройлы қызмет ету баршамыздың қасиетті борышымыз.

 Гумарова Гаухар Социаловна

 Орлы ауылдық округ әкімі  аппаратының  бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT