«Kazakh tazy» монотұқымдық көрмесі

(0 Votes)

Алматы, Қазақстан — 2025 жылғы 25 қазан. Оңтүстік астанада Республика күніне орай Қазақы тазысына арналған көрме өтті. Көрмені Қазақстан кинологтар Одағы ұйымдастырды.

Іс-шараға еліміздің түрлі өңірлерінен 60-тан аса қазақ тазысы қатысты.

Бағдарлама стандартқа сай тұқымдық бағалауға бағытталды: стандарт бөлімдері бойынша экстерьерді сараптау, салыстырмалы рингтер және финалдық орналастыру жүргізілді.

Сараптаманы аңшылық тұқымдар бойынша тәжірибесі бар ұлттық және халықаралық санаттағы судьялар өткізді. 

Рингтерге барлық сыныптар — күшіктерден ардагерлерге дейін — қатысты. 

Күн қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Көрме нәтижелері:

1. Тұқымның ең үздігі: "Перизат из страны Беловодье"

2. Үздік арлан: Хан

3. Үздік юниор: Найза

4. Үздік күшік: Күміс

Монотұқымдық көрме — жай ғана сұлулық шоуы емес. Мұндай іс-шаралар қазақ тазысының сақталуына және асылдыруына, породалық, сондай-ақ жауапты асырау мәдениетін көтеруге бағытталған. 

Бұл — иттерді сәйкестендіру, шығу тегі бойынша есеп жүргізу, жұптастырулар мен күшіктерді тіркеу, денсаулықты бақылау және көрме рингтерінде тұрақты сараптама жасау.

Айта кетерлігі, қазақтың дәстүрлі бұйымдарымен әсем безендірілген ұлттық киіз үй қазақы тәсілмен бірге отбасы суреттері үшін жылы да жайлы орынға айналды, қонақтар естелікке қуана суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT