Каспий теңізінің тартылуы: мамандар зерттегеннен кейін ғана белгілі бір шаралар қабылданады

фото: Егемен Қазақстан
(0 Votes)

Жылдан жылға Каспий теңізінің суы тартылып барады. Қазірдің өзінде жағадан 20 км кеткен жерлері бар. Жайықтың құятын жерінде Каспийдің тамағы 45-50 см дейін таязданып кетті. Ол жерде кеменің, балықтың өтуіне қиындықтар туындап отыр.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтың айтуынша, бұл мәселені шешу үшін ғылыми тұрғыдан зерттеулер жүргізілуі керек. «Мемлекет басшысы Каспийді зерттеу жөніндегі институт құру жөнінде арнайы тапсырма берді. Қазіргі таңда институт Ғылым және жоғары білім, Су ресурстары министрліктерімен бірлесе отырып, құрылып жатыр. Оның негізгі бөлігі Ақтау қаласында, Маңғыстауда болады, ал филиалы Атырауда орналасады деп жоспарланған. Ғалымдар зерттеп, өз ұсыныстарын беру керек деп ойлаймын. Каспийге құятын Жайықтың түсімі былтыр да, биыл да бірқалыпты болды, соған қарамастан Каспий тартылып барады. Бұл судың түсіміне байланысты емес те шығар. Себебі Каспийдегі су айдынының, ішкі температурасының да өсуі байқалады. Сондықтан мамандар зерттегеннен кейін ғана белгілі бір шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізіледі», - деді облыс әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

@ortcom_kz #CCS

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT