Қысқа мерзімдегі реформалар өз жемісін бере бастады

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары халық игілігіне бағытталған.

Мемлекет басшысының жолдаулары, саяси саладағы өзгерістер, Үкіметке жүктелген тапсырмалар – бәрі де халық үніне құлақ асатын, елге қызмет көрсетуші мемлекет орнықтыру міндетінен туындап отыр. Күні кеше еліміздің рухани астанасы Түркістанда өткен құрылтайдың да маңызы жоғары болды. Әсіресе, құрылтайда айтылған мәселелердің барлығы халықтың сұранысына сай қызмет ету, абыройлы іске бастайтын нақты жоспарлар болды.

Жалпы елдегі саяси болсын, экономикалық болсын реформалардың барлығы мемлекеттің дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын күшейтуге, адами капиталды арттыруға, қоғамдағы азаматтық белсенділіктің қалыптасуына, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, түптеп келгенде қазақстандықтардың жайлы өмір сүруі үшін жасалып жатыр. Бізде көбінесе мәселе айту, бір-бірімізге мұң шағумен жиындар тарқап жатады. Сол себепті біраз жылдан бері қоғам мен биліктің арасы алшақтап, қарапайым халық елде жаңадан өзгеріс болатынына сенбейтін күйге жеткен еді. Қазір халық ойын өзгерте бастады. Жаңа Қазақстанда Президенттің жедел шешім қабылдап жүзеге асырған қысқа мерзімдегі реформалары өз жемісін бере бастағанына сенді. Себебі, соңғы жылдары халықтың сұранысы ескеріле бастады. Халықтың сұранымы – мемлекетшілдік, қоғамның шынайылығы, табиғилық. Соны айқындап, шешу жолында қызмет етсек, халықтың алдында абыройымыз да биік, маңдайымыз да ашық болады.

Арай Нұғыманова,

«Зейін Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521