Қыркүйектен бастап мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жалақысы өседі

(0 Votes)

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтерінің жалақысы өсуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтерінің лауазымды айлық мөлшері мына түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады: - 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1,3 мөлшерде», - делінген құжатта.

Қауылы жобасына қосымша берілген түсіндірмеде жазылғандай, педагогтердің жалақысын көтеру - аталған саланы таңдайтын жастар қатырының көбеюіне және мұғалімінің беделін арттыруға ықпал етпек.

«Жобаның мақсаты - педагогтің өмір сүру жағдайларын жақсарту және оның әлеуметтік мәртебесін арттыру, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мұғалімінің беделі. Нәтижесінде педагог мамандығы педагогикалық қызметтер нарығында сұранысқа ие мамандықтардың біріне айналады», - деп түсіндірме берілген Үкімет қаулысына.

Құжат 5 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады. Қоса кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігіне қарасты оқу орындары педагогтерінің жалақысы өсетінін хабарлап едік.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика