Көші-қон қызметінде Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасына келу ережелері түсіндірілді

(0 Votes)

Ресей Федерациясының азаматтары Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат ресімдемей 90 тәулікке дейін Қазақстан Республикасының аумағында болуға құқылы.

Келген шетелдіктерді қабылдайтын тұлғалар ішкі істер органдарын олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде «Бүркіт» БАЖ визалық-көші-қон порталы арқылы, электрондық цифрлық қолтаңбалары болса www.vmp.gov.kz немесе egov.kz веб-сайттар арқылы, сондай-ақ Eqonaq жүйесі арқылы хабарлау жіберу жолымен хабардар етеді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Шетелдіктер Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткеннен кейін қабылдаушы тұлғалар олардың келген күннен бастап үш жұмыс күннің ішінде ішкі істер органдарына хабарлама беруге тиіс.
Жұмысқа орналасу үшін келген шетелдіктер жұмыс берушімен және заңды тұлғамен шарт жасасып, Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл жұмыс істей алады, - деді Атырау облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының ішкі көші-қонды бақылау тобының аға инспекторы Бекет Ерғалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT