Көпбалалы отбасы балалары жазғы лагерьге тегін жолдаманы қалай алады

(0 Votes)

Көпбалалы отбасы балалары жазғы лагерьге тегін жолдаманы қалай алады? Бұл сауалға БҒМ балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули жауап берді.

Оның айтуынша, ең алдымен білім мекемесінің бірінші басшысының атына өтініш жазу керек. Жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдама мына санаттағы отбасы балаларына беріледі:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

- жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;

- жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға;

- төтенше жағдай салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасынан шыққан балаларға;

-мектептің қамқоршылық кеңесі анықтайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге.

«Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және жолдама беру жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде және олардың қаражатына байланысты үлестіріледі. Жазғы уақытта 11 мыңнан астам мектеп жанындағы және қала сыртындағы сауықтыру лагері жұмыс істейді. Биыл өткен жылмен салыстырғанда жарты миллион немесе 500 000-ға артық бала лагерьде демалады. Ал жазғы сауықтыру демалысымен қамтылатын балалардың жалпы саны 2 млн 300 мыңнан асады»,- дейді балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.


 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика