Көмек көрсету туралы шешімді «Қазақстан халқына» қорының басқармасы қабылдайды

(0 Votes)

«Қазақстан халқына» қоры құрылғаннан бері бір айдан астам уақыт өтті. Қор міндеттері қандай және олардың қалай шешілетіні туралы «Қазақстан халқына» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Юрий Пя Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтып берді. Оның сөзінше, Қор өз бағытын анықтады.

«Бұл қолдау көрсетілетін төрт негізгі бағыт: денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет, сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге көрсетілетін көмек. Бұл ретте Қор міндеттері - мемлекеттік органдардың негізгі функцияларын қайталамау екенін тағы да атап өту маңызды. Егер құрылымына келсек, Қор атқарушы орган – Жәмішев мырза басқаратын басқармадан, сондай-ақ бақылаушы органнан, яғни қамқоршылық кеңестен тұрады. Бұл құрылымның әрқайсысының өз функциялары бар. Тікелей көмек көрсету туралы шешімді Қор басқармасы қабылдайды, ал қамқоршылық кеңес қызметтің стратегиялық бағытын бекітеді. Қамқоршылық кеңестің құрамы кеңестің әрбір мүшесінің кәсіби біліктілігі мен дағдылары Қор жобалары бойынша негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретіндей етіп қалыптастырылды. Өздеріңіз білетіндей, Қамқоршылық кеңес қоғамдық бастамаларда жұмыс істейді», - деді белгілі кардиохирург.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT