Қазақтың қасиетті, киелі мекені - Түркістан шаһарында өтiп жатқан Құрылтайдың елiмiз үшін маңызы зор

(0 Votes)

Онда ұлтымыздың келешегіне қатысты бiрқатар мәселелер қозғалды.

Соның бірін айтсақ, Мемлекет басшысы барлық құзырлы органдар халыққа жақын болуы, оның мұң-мұқтажымен санасып жұмыс істеуі қажеттін алға тартты. Мұны үнемі көтеріп жүргенiн, түптеп келгенде, бұл - тұрақтылық пен тыныштықтың, өсiп-өркендеудiң кепілі екенін еске салды. Мемлекет басшысының айтуынша әрбір министрдiң, әкімнің, басқа да мемлекеттік қызметшiнiң бойынан нағыз кәсібилік пен отаншылдық көрiнiс табуы тиіс. Бұл бүгінгі күнге қажетті аксиома. Қасым-Жомарт Кемелұлының: "Ал, олардың Президенттің жеке басына адалдығы мен үшін маңызды емес. Мемлекет басшысын мадақтаудан гөрi жұмысты адал атқарып, халықтың алдында абыройлы болу әлдеқайда маңызды. Барлық мемлекеттік қызметшiлерге осыны айтқым келеді", деген сөзi көңiлiмнен шықты. Сонымен қатар, Президентімiздiң қазақ хандары жерленген Сарайшықтың маңызын арттырып, келесі Құрылтайды сонда өткiзу қажеттігін айтқаны Атырау өңірі үшін үлкен мерей деп санаймын. Жалпы бұл жиынның өту барысы көңiлiмнен шықты, ондағы көтерiлген мәселелер оң шешімін табады деген ойдамыз. "Келiciп пiшкен тон келте болмайды", деп бабаларымыз текке айтпаған ғой.

Бұл Құрылтайда бiрқатар маңызды мәселелер айтылды. Олар оң шешімін табады деген ойдамыз.

Замзагүл Карсакова, облыстық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT