Атыраулық эко-жанашыр жастарды іздейміз!
Атыраудың экологиялық мәселелері алаңдата ма? Экологияны жақсартқың келе ме? Онда командаңды жина да, бізге қосыл!
Бар болғаны 24 сағаттың ішінде сендер экологиялық жобаның идеясын ойлап тауып, оны қазылар алқасының алдында қорғайсыңдар!
Ең үздік жобалар финалға өтеді.
Финалистер әлеуметтік жобалар мен экология саласындағы үздік мамандардан толық оқытудан өтіп, жобасына қажетті білім алады.
Ең үздік деп танылған үш жоба бас жүлде – 1 000 000 теңге көлемінде грант пен менторлық қолдау алады.
Тіркелу үшін міндетті түрде анкетаны толтыру қажет. Өтінімді қабылдау 7 қыркүйек 00.00-ге дейін жалғасады. Сілтеме БИО-да
Идеяңды шындыққа айналдыруға дайынсың ба? Бізге кел, бірге табиғатқа пайда әкелетін жобалар жасайық!
Толық ақпарат WatsApp: 8702 644 30 36