Әйелдердің зейнетке шығатын жасы қысқара ма?

(0 Votes)

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тұғжанов үкімет әйелдердің немесе басқа санаттағы азаматтардың зейнетке шығу жасын 63-тен 55-ке дейін төмендетуді қарастырып жатыр ма деген сұраққа жауап берді.

Вице-премьер бұл мәселенің оңай шешіле салмайтынын және халық арасында жиі талқыға салынып жүргенін мойындады.

"Біз халықаралық тәжірибені ескереміз, ал онда зейнет жасын төмендету туралы айтылмайды. Қазір бұл тақырыпты кеншілер ғана емес, мүгедек баласы бар аналар да көтеріп жүр. Сондықтан талқылауға саламыз. Әлеуметтік кодексті жыл соңына дейін таныстырамыз", – деді вице-премьер.

Ал журналистердің Қазақстандағы әйелдердің зейнет жасы қысқара ма деген нақтылау сауалына Тоғжанов бұл мәселенің де талқыланып жатқанын және әлі нақты жауап жоқ екенін айтты.

"Бүгінгі таңда әйелдердің 2027 жылға дейін зейнетке шығуға болатын орташа жасы 60-61 жас шамасында. Сол себепті бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Әлі де талқылаймыз", – деп қосты ол.

Еске сала кетейік, Қазақстанда ер адамдар зейнеткерлікке 63 жастан бастап шығады. Әйелдердің зейнетке шығу жасы да бірте-бірте ұлғайып келеді және 2027 жылы ерлермен қатар зейнетке шығады. Депутаттар бұған дейін бірнеше рет ауыр өнеркәсіпте (кеншілер, металлургтер, құрылысшылар) жұмыс істейтіндердің зейнет жасын төмендету, сондай-ақ әйелдердің зейнет жасын 55 немесе 58 жасқа дейін төмендету мәселесін көтерген еді.

 

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

25qazan-respublika

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика