“ITeachme” қоғамдық қоры 2019 жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі жастар мен әлеуетті жұмыс берушілердің сұранысы бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда.
Қордың мақсаты - жастар арасында әлеуметтік, медициналық жағдайына (мүгедектігі) қарамастан өзін-өзі дамытуға талпынған жандардың білімін арттыру. Қазақстанда 700 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрса, оның ішінде 420 мың адам еңбекке жарамды жаста (58%). ITeachMe - жастардың, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіби дағдылары мен білімін арттыру, кейіннен жұмысқа орналастыру, есеп беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Тренингтің басты ерекшелігі – оқу процесінде студенттер өздерінің цифрлық дағдыларын монетизациялайды. Бұл алынған білімнің жоғары деңгейін және таңдалған салаларға деген сұранысты көрсетеді.
ITeachMe Academy-де оқыту 80% тәжірибеге және 20% теорияға бағытталған. Сіз тек өзекті тақырыптарды, сұранысқа ие дағдыларды және оларды тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмаларды аласыз. Төрт жылдық қызметте қорда 500-ден астам студент оқудан өткен, олардың 80%-ы мүмкіндігі шектеулі жандар. Бүгінгі таңда студенттер 7 бағыт бойынша білім алуда. Олар: веб-мастер, UI/UX және қозғалыс дизайны, копирайтинг, мобилография, SMM+таргетинг, бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу және графикалық дизайн. Барлық оқу материалдары қазақ, орыс, ағылшын және ымдау тілдерінде қолжетімді.
Қазіргі таңда ITeachMe-де оқуды аяқтау нәтижесінде түлектердің 90%-ға жуығы жұмысқа орналасты , олардың көбісі штаттан тыс жұмыс істеуде.
Қожабаева Аружан