Исатай ауданында «Заң керуен» акциясы өткізілді

(0 Votes)

Атырау облысының  прокуроры мен облыс  әкімінің бірлескен өкіміне сәйкес барлық аудандарда  «Заң керуені» акциясы өткізілуде.

Акцияның алғашқы бастауы –Құрманғазы ауылдық округтерін де өтсе, бүгін Исатай ауданын да жалғасын тапты.Оның негізгі мақсаты –халыққа  жедел құқықтық көмек көрсету, заңдарды кеңінен түсіндіру,заңды құқықтарын іске асыру мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау,қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті  толық нығайту әрі қалыптастыру болып келеді.

 

_dsc0208

Аталмыш акция барысын да  Исатай  ауданында бірқатар ведомстволардың: прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, экономикалық тергеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экология, мемлекеттік кірістер департаменті, еңбек инспекциясы, білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері қатарынан мобильді топ жұмыс істейді. Мобильді  топ Исатай ауданының Қамысқала, Тұшықұдық ауылдық округтерінде және де аудан  орталығы Аққыстауға табан тіреп, өзге де ауылдар да өтпек. «Заң керуен» атты акциясы жалғасын тауып, маман кеңесіне жүгінген көптің сан-сауалына, көкейінде мазалап жүрген сұрақтарға жауап берді. Жалпы, «Заң керуен» акциясы 20 қазаннан 10 қарашаға дейін облыстың барлық ауылдық, селолық округтерінде жалғасын табады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521