Өңірде жыл басынан бері 26 адам суға кеткен

(0 Votes)

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Атырау қаласында, Жылыой мен Құрманғазы ауданында тәулік бойы кезекшілік атқаратын 3 суда құтқару стансасы бар.

Мұнда 11 кәсіби құтқарушы жұмыс істейді.

«Жыл басынан бері өңірдегі су айдындарында суға батқан 26 адам қайтыс болды. Оның ішінде Атырау қаласында – 12, Жылыой ауданында – 5, Махамбетте – 4, Құрманғазыда – 3, Индер ауданында 2 адам жантәсілім етті. Суға кеткендердің арасында 8 бала бар. Жедел құтқару жасағының көмегімен 1 ересек адам мен кәмелетке толмаған 2 жасөспірім құтқарылды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен бірге су айдындарының жағалауында рейд өткізіліп, құқық бұзушыларға 259 әкімшілік хаттама толтырылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика