Өңірде электр желілері жаңартылуда

(0 Votes)

Атырау қаласында қосалқы станса электр сымдарымен бірге және Жылыойда екі электробекеттің нысандары ауыстырылады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазір қысқы маусымға дайындық бекітілген кестеге сай жүруде. Бұл туралы «Атырау-Жарық» АҚ-ның вице-президентінің орынбасары Қуанышбек Джумиев айтты.

– Төтенше жағдайға кезінде құрылыс екі айға тоқтатылды. Бүгінде жұмыстардың 32%-ы орындалды. Маусымда Ақжар, Алмагүл шағынауданындағы қосалқы стансалар, Жылыой ауданы Қаратон елді мекенінде энергетикалық нысанның құрылғысы ауыстырылды. Қазіргі уақытта облыстық әкімдікпен арадағы келісімшартқа байланысты апаттық жағдайда тұрған электр бағандары жаңартылуда. Бүгінде 1409 бағананың 382-сі қондырылды,- деді Қ.Джумиев. 

Қуанышбек Джумиевтің айтуынша, Нұрсая және Жерұйық шағынауданында электр желісінің жиі істен шығуы байқалады. Бұл мәселені жою үшін 32 шақырым желі жаңартылмақ.  Қазір 7,5 шақырым жер қазылды. Тамыз айында құрылыс басталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521