Инновация – ел дамуының жаңа бағыты

(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында инновация мен технологиялық дамуға айрықша көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы ел экономикасын әртараптандырудың және жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттырудың басты тетігі – ғылым мен инновация екенін атап өтті.

Жолдауда көрсетілгендей, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар мен жаңа өндіріс түрлерін енгізу – еліміздің даму стратегиясының өзегі. Бұл бағытта жас ғалымдарға, стартаптарға және IT саласындағы мамандарға қолдау көрсету маңызды.

Инновация – тек техникалық жетістік емес, ол – ойлау мәдениеті мен болашаққа ұмтылыс. Сондықтан әр азамат жаңашылдыққа ашық болып, елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға үлес қосуы тиіс.

Гулдана Серикбаева 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT