Iндеттiң екінші толқынына дайындықпен танысты

Рейтинг: 0 / 5

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлердің эпидемиологиялық жағдайымен және коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындығымен танысу мақсатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Атырау облысына барды.

Жедел кеңесте Атырау облысының әкімі өңірдің COVID-19 екінші толқынына дайындығы туралы баяндады. Кеңес қорытындысы бойынша Е.Тоғжанов өңір басшылығына эпидемиологиялық ахуалды, халықты және медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен, сондай-ақ ӨЖЖ аппараттарымен және оттегі концентраторларымен қамтамасыз етілу мәселелерін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Сондай-ақ, өңір басшылығына карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Жұмыс сапарының барысында вице-премьер 200 төсек-орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасы құрылысының барысымен танысты, облысты дәрі-дәрмекпен қамтудағы тұрақтандыру қорына және аймақтың дәріхана желілеріне 42 атау бойынша дәрілік заттарды жеткізетін «Іңкәр» ЖШС қоймасына барды.

issapar1

Сондай-ақ, вице-премьер Атырау қаласының №4 емханасында болды. Бүгінгі күні өңірде бірінші болып келушілердің температурасын автоматты түрде өлшейтін роботты іске қосқан емханада 343 медицина қызметкері жұмыс істейді.

Е.Тоғжанов өңірде «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан алты жолақты автожолдың құрылыс жұмыстарының сапасымен және 600 орындық мектеп құрылысының барысымен танысты.

Дереккөз: https://primeminister.kz

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика