ІНДЕТ ЖОСПАРДЫ ОРЫНДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРМЕДІ

(0 Votes)

Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов әлемді жайлаған пандемия өзінің теріс ықпалын белгіленген жоспарлардың орындалмауына ықпалын онлайн есеп беру кезінде мәлімдеді деп хабарлайды ATPress kz.

Айталық, аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі – 4125,9 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 61,4пайызды құрады. Мұнай – 29,3 млн. тонна (2019ж – 32,8 млн. тонна) және газ – 14,9 млрд. текше метр өндірілді (2019ж – 16,5 млрд. текше метр), былтырғы жылмен салыстырғанда мұнай 89,2пайызға, газ 90,5пайызға орындалды, деп хабарлады өз баяндамасында аудан әкімі Халел Жамалов.

Сонымен қатар, өңір басшысының айтуынша, жергілікті бюджетке 50,0 млрд. теңге кірістер бөлігі жоспарланып, нақты 47,6 млрд. теңге түсті, немесе жоспар 95,2 пайызға орындалыпты.

- Орындалмау себебі кіріс бөлігінде Теңіз кенішінде 3-буын зауыт ашылып, мүлік салығы түседі деп жоспарланған болатын.  Алайда, зауыт іске қосылған жоқ, сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Covid-19 короновирус пандемиясын жариялауына байланысты Теңіз кен орнында көптеген мекемелер өндірістерін 4-5 айға тоқтатып,  кейбір мекемелер жабылып қалды. Алайда 2020 жылдың соңына дейін ахуалды тұрақтандыру мақсатында бірқатар мекемелер жұмыстарын қайта жандандырды, - деді Халел Жамалов.

ATPress kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика