Индерде кірме жолды су шаюына байланысты қайық тасымалы іске қосылды

(0 Votes)

Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратовтың хабарлауынша, қайық қызметі Жайық өзенінің арғы бетінде орналасқан ауыл тұрғындарының аудан орталығына қатынауына жағдай туғызу мақсатында іске қосылып отыр.

15 мамыр күні іске қосылған қайықтың тасымалдау уақыты таңертеңгі 9.00-ден кешкі 19.30 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс уақыты 13.00-14.30 аралығын қамтиды.

"Жайықтың арғы бетінде 4 ауылдық округ пен оларға қарасты елдімекендер бар. Нақтылап айтқанда, Көктоғай, Өрлік, Есбол, Елтай ауылдық округтері және Ынтымақ, Аққала ауылы" деді Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов.

Еске сала кетсек, «Атырау-Орал» тас жолының Индербор кентіне кірме 7 шақырым жолды су шайып кетуіне байланысты, қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында жол қатынасы уақытша жабылған болатын.

Қазіргі уақытта кірме жолды қалыпқа келтіру жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, Индербор кентіндегі орталық көпір мен қайық тасымалы аралығына кентішілік бағамен маршрут қарастырылады.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT