Индербор кентіне кірме жол ашылды

(0 Votes)

Республикалық маңызы бар "Атырау-Орал" тасжолының Индербор кентіне ұзындығы 7 шақырым болатын кірме жол қалпына келтірілді.

Әзірге жеңіл көліктердің қозғалысына ғана рұқсат беріліп отыр.

Еске сала кетейік, республикалық "Атырау-Орал" тасжолының Индербор кентіне кірме 7 км жолдың 100 метрге жуық бөлігін су басып кеткен еді. 14 мамырдан бастап тәулік бойы су басқан аумақтарды қалпына келтіру жұмыстары жүрді. Топырақ толтырылған тонналық қаптар арқылы судың жолын бөгеп, үстіне камаздармен топырақ және тау тастары төгілді.

Жол жөндеу жұмыстарына 7 камаз, 4 тиегіш, 1 дөңгелекті экскаватор арнайы техникалары мен сарбаздар және ТЖД жеке құрамы жұмылдырылды. 16 мамыр сағат 21:00- де жол толықтай ашылды.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT