Қиғаштың əн-күйі – Атырауда

(0 Votes)
ҚҰРМАНҒАЗЫЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ 382 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӘН МЕН ЖЫРДАН ШАШУ ШАШТЫ. ҚИҒАШ БОЙЫНДАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРҒА МЕРЕКЕЛІК ТАРТУЫ КӨПШІЛІКТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ. ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ӨТКЕН ШАРАДА СОЛ КҮНІ ЗАЛДА ИНЕ ШАНШЫР ЖЕР БОЛМАДЫ.
 
Аузы дуалы абыздар мен ақиық ақындардың, қайсар, намысты батырлар мен озық ойлы, білімпаз ғалымдардың, дүлдүл күйшілер мен бұлбұл əншілердің құт мекені саналатын өңір туралы шара барысында əн мен жырдан бөлек мұнайлы өлкенің белгілі тұлғалары туралы сахналық қойылым көрермен назарына ұсынылды. Ауданның белгілі өнерпаздары «Əн – Атырау» əнін нақышына келтіре орындады. Ал, дəстүрлі əншілер қара домбыраның қоңыр əуенімен көпшілікті тəнті етті. 
 
nnihuttghj
 
– Құрманғазы ауданының Атырау қаласының күндеріне 70-тен астам көркемөнерпаз қатысып, өнер көрсетті. Əртүрлі жанрда шығармашылық нөмірлерімізді ұсындық. Құрманғазы ауданы – Еділ-Жайық арналарының құтты қойнын қатар емген туыстас, бауырлас халықтардың ынтымақты бірлігіне сызат түсірмей сақтап отырған киелі жер. Жаңарып, жасарып келе жатқан Атырау халқын айтулы мерекемен құттықтаймын! Облыстың орталығы жайнай түссін,- дейді Құрманғазы ауданы əкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова.
 
Айбөпе САБЫРОВА


https://atr.kz

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

25qazan-respublika

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика