Газшылар құрметке бөленді

(0 Votes)

«Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақжібек Керімбайқызы мұнай-газ саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

– Жұмысшы мамандықтар жылы біз үшін қоғамдағы түрлі салада қалтқысыз еңбек етіп жүрген еңбек адамдарын құрметтеуге, білмегенімізді үйренуге, жаңа мамандармен танысуға үйретті. Соның бірі – мұнай-газ саласында еңбек етіп жүрген өздеріңіз. Біз сіздерді дәріптеу арқылы жастардың бойында еңбекке деген құрмет сезімінің қалыптасуына сеп боламыз. Әркез қажырлы еңбектеріңіздің жемісін көріп, қадірлі маман иесі болып, өскелең ұрпаққа өнеге көрсетіп жүре беріңіздер, - деді.

 

Одан соң «QAZAQ GAZ AIMAQ» АҚ АтӨФ Индер газ шаруашылығы жер асты құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесары Сапар Адайбаевқа, Әділхан Орынбасаровқа, Айбат Мажитовқа, «Қаз Транс Ойл» АҚ Атырау мұнай құбыр басқармасы Индер мұнай айдау станциясының қызметкерлері Ришат Ихсановқа, Сергей Шараповқа, Асылбек Құбашевқа, Қуат Бляловқа, Амандық Елемесовке, Жолболат Тілепбергеновке, Индер желілік өндірістік басқармасының қызметкерлері Сәбит Мусинге, Асқар Тұрсынғалиевке, Айбол Какишевке, Самат Адиловқа және Айымгүл Жұмағалиеваға Алғыс хаттар табыстап, ел үшін еткен еңбектеріне ризашылық білдірді.

Ж.НАРИМАНОВА

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT