Фермерлік қолдаудағы ашық жүйе

(0 Votes)

Президент Жолдауында ауыл шаруашылығындағы цифрландыруды жеделдету – саланың тұрақты дамуы үшін аса маңызды екені атап өтілді. Фермерлерге арналған онлайн сервистерді енгізу – дәл қазір қажет қадам. Өйткені барлық ақпараттың бір жүйеде жиналуы, субсидияға өтінім берудің жеңілдеуі, құжат айналымының қысқаруы – фермердің уақытын үнемдеп, жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.

Жасанды интеллект бұл бағытта үлкен рөл атқара алады: AI егістік алқабының жағдайын талдап, өнімділікті болжайды, ауа райы тәуекелдерін есептейді, нақты фермерге қажетті субсидия түрін ұсынып береді. Ең маңыздысы – субсидиялау жүйесінің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Барлық өтінім цифрлы түрде тіркеліп, автоматты тексеруден өтеді, бұл адами факторды азайтып, қаржыны әділ бөлуге мүмкіндік береді.

Мұндай өзгерістер фермерлердің мемлекетке деген сенімін арттырып, агросектордың тиімділігін күшейтеді. Цифрлық сервистер мен жасанды интеллектке негізделген ашық жүйе – ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге шығаратын негізгі құрал.

Уазих Дәулетов,
шаруа қожалық иесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT