Еуроодақ 2035 жылға қарай бензинмен жүретін автокөліктер сатуға тыйым салуы мүмкін

(0 Votes)

Еуропалық парламент мүшелері сәрсенбіде 2035 жылға қарай ішкі жану қозғалтқыштары бар жаңа автомобильдерді сатуға тыйым салуды қолдап дауыс берді, деп хабарлайды CNN басылымы.

Бұл шара әлі Еуропалық кеңесте талқыланып, заң ретінде қабылдануы керек. Бұл заң мақұлданса, гибридті автомобильдердің сатылымы төмендеп, электр қуатымен жүретін көліктерді пайдалануға толық көшеді. Бұл шара қоршаған ортаны ластау бойынша әлемдегі үшінші ірі аймақ саналатын ЕО-ның климаттық саясаты аясында жүзеге асады.

Автомобиль өнеркәсібі Еуропа экономикасында маңызды рөл атқарады, оның үлесіне ЖІӨ-нің 7%-ы тиесілі және 14,6 млн жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Бірақ, көлік - парникті газ шығарындыларының өсуіне ықпал етіп отырған жалғыз сала. 2017 жылы көмірқышқыл газы шығарындыларының 21%-ы жол көлік құралдарына тиесілі болған.

Енді Еуропа одағының құрамына кірмейтін Ұлыбритания өткен жылы 2030 жылдан бастап жаңа бензин мен дизельді көліктерді сатуға тыйым салатынын жариялады, ал жаңа гибридтер 2035 жылға дейін сатыла береді.


 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика