Ескі футбол алаңдары жаңғыртылады

(0 Votes)
Бүгінгі таңда Атырау қаласында 50-ге жуық жартылай бүлінген шағын футбол алаңы бар.
 
Талапқа сай күтіп-ұсталмаудың, сондай-ақ интенсивті түрде пайдалану мүмкіндігінің жоқтығынан, қараусыз қалудың салдарынан олардың бәрі дерлік жарамсыздыққа ұшыраған.
 
fghjk
Осыны қаперге алған қала әкімдігі бұл жағдайды дұрыстап, жөнге келтіруді қолға алды. Әкімдіктің баспасөз қызметіінің мәліметінше, Қазіргі уақытта 35 шағын футбол алаңында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Реконструкциялау барысында бұл нысандардың сыртқы қоршаулары мен жасанды жасыл жабындылары ауыстырылады. Одан бөлек, адамдар отыруға ыңғайлы орындықтар қойылып, қалдықтар салынатын урналар орнатылады. Осы жылдың соңына дейін барлығы 20 балалардың ойын алаңын жаңғыртып, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал, қалғандарында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдың алғашқы жартысында жалғасатын болады. Мердігер кәсіпорын – «Жайық-Сити» ЖШС.

s

Республика күні қарсаңында қаланың Авангард-2 шағынауданындағы №13 көппәтерлі үйдің ауласындағы балалардың ойын алаңын реконструкциялау жұмыстары басталды. Дәулетқали АРУЕВ Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ


 https://atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика