ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ

(0 Votes)

Алматы облысы Талғар ауданы «International Marmara Academy» – аутизмге шалдыққан балаларlды дамыту орталығы ашылды. Аталған білім ордасына арнайы барған Түркия Республикасы Алматы Бас консулы Эврен Мүддерисоғлұ Орталықтың қызметкерлерімен, тәлім алып жатқан балалармен кездесті.

Ерекше балалардың Қоғамға оңай бейімделуі, жарқын болашаққа еркін қадам басуында өте маңызды рөл атқаратынын айтты: «Түрік-қазақ достығын нығайту мақсатында әр салада ынтымақтастықты күшейте береміз. Осы орайда, Түркияға танымал өнер қайраткері Леля Байрамоғуллары ханым әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде Қазақстанда концерт қоюға келді. Солардың бірі – бүгін ерекше балалар үшін болатын концерт».

Түркиядан Алматыға арнайы келген Анталья Мемлекеттік симфониялық оркестрінің флейташысы Леля Байрамоғуллары: «Балалар – біздің болашағымыз. Мен шетелдік сапарларымда балаларға өнеріммен қуаныш сыйлауға тырысамын. Қазақстанға келгенде де осы үрдістен жаңылмадық», – деді.

«International Marmara Academy» Білім жөніндегі үйлестірушісі Хилал Ачыкгөздің айтуынша, балаларға арнайы білім бағдарламаларымен қатар дене шынықтыру жаттығулары, жүзу, үстел теннисі, физиотерапия, тіл және сөйлеу терапиясы, қоғамға әлеуметтік бейімделу, футбол, жеңіл атлетика, гимнастика, коньки, велосипед т.б. салалар қамтылған.
Аталған орталық Түркиядағы 35 шет мемлекеттегі 11 мың балаға білім беретін Мармара аутизм білім, терапия және спорт орталығының филиалы ретінде ашылған.
Нәзия Жоямергенқызы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT