Енгізілген өзгерістердің өзектілігі зор

(1 Vote)

Ағымдағы жылдың 4 мамырында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

16 мамырда Заң өз күшіне енді және ол еңбек қатынастары, әлеуметтік әріптестік, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау ісін қамтыды. Осыған орай аудан әкімдігінің үлкен залында облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметкерлері Самал Убегалиева мен Жаңыл Ермекқалиева ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оған әкімдіктегі мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, мектеп директорлары қатысты.

Маңызды мәселелерді тізбектеп шыққан Самал Жалғасқызы: «Еңбек шарттарын жасасу және есепке алудың бірыңғай жүйесі бойынша «enbek.kz» порталы жасақталып, бүгінгі күнге іске асырылып басталды. Бұл жұмыскердің еңбек өтілін, біліктілігін, жұмыс орнын растау тәртібін жеңілдетуге, расталған ақпарат алуға және оның сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күнде облыс бойынша 6 айда 1033 мекеме 28895 жұмысшының еңбек шартын тіркеген. Электрондық еңбек биржасына еңбек шарттарыңызды тіркеуді шұғыл орындау қажет»-деді.

Ары қарай сөз тізгінін алған Жаңыл Сергейқызы жұмыскердің лайықты және тұрмыстық еңбек жағдайлары мен құқықтары, ауру адамға қарау кезінде толық емес жұмыс уақыты, мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан шығу немесе басқа жұмысқа ауысуы жөніндегі Еңбек Кодексіндегі өзгертулерге тоқталды. Одан өзге 90-нан аса бапқа енгізілген толықтыруларды да атап өтті. Жиналысқа қатысушыларды толғантқан мәселелер турасында да тұщымды жауаптар берілді.

Тұтастай алғанда, Заң Қазақстанның 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес әзірленген және еңбек қатынастарын, әлеуметтік серіктестікті, қауіпсіздікті қорғауды реттеуге бағытталады. Еңбек заңнамасындағы өзгерістер жұмыс берушінің де, жұмыскердің де заңды құқықтары мен мүдделерін нығайтуға қызмет етеді.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521