Жаңа жылдан бастап 8 медициналық анықтама электронды түрде беріледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қаңтар айынан бастап емханадағы кезекті азайтып, медициналық анықтамалардың заңсыз берілмеуі үшін 8 анықтама электронды форматқа көшеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.
Атап айтар болсақ, - Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы - 075 / е
«Медициналық анықтама» - 026 / е
«ДКК қорытындысы» - 073 / е «ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама» - 069 / е
«Санаторийлік-курорттық карта» - 052-2 / е
«Баланың денсаулық паспорты» - 076 / е
«Қаруға рұқсат алу» - 038 / е
«Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама» электронды форматқа көшіріледі.
Аталған анықтамалар қажет болған жағдайда, азаматтардың келісімімен талап еткен мекемеге тікелей жолданады.
- Қазір «Амбулаториялық-емханалық көмек» арқылы ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы азаматтар өздерінің жеке медициналық деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін «edensaulyq» бөлімі іске асырылғанын атап өтеміз, - деді №5 қалалық емхананың басшысы Нұрбақыт Купжанов.
Сәуле МАҒАУ