Енді үйіңізге тіркелген тұрғынды Halyk Homebank қосымшасында шығаруға болады

(0 Votes)

Енді пәтер иесі тек смартфон және Halyk Homebank қосымшасын пайдалана отырып, үйіңізге тіркелген адамды тіркеуден онлайн шығаруға болады.

Бұрынғыдай ХҚКО барудың қажеті жоқ, ал қызметті қолдану уақыты 20 минуттан аспайды. Halyk Homebank қолданушылары үшін жаңа әрі ыңғайлы сервис іске қосылды.

Бұл қызмет Halyk Bank, ҚР Ішкі істер министрлігі және ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ынтымақтастығының нәтижесі. Уақытша немесе тұрақты тіркеуден шығару үшін жылжымайтын мүлік иесі Halyk Homebank қосымшасындағы “мем.қызметтер” бөліміне кіріп, “тіркеу” – “тіркеуден шығару” бөлімін ашып, жылжымайтын мүлікті таңдап, тіркеуден шығару қажет тұрғынды белгілеп, өтінімге қол қойып, нәтижемен танысу қажет.

Сервис Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана арналған. Егер тұрғын үйдің бірнеше иесі болса, онда тіркеуден шығару кезінде тұрғын үйді қоса иеленуші Halyk Homebank қосымшасында келісімін бере алады. Банк тұрғын үй иесі туралы деректер қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және ақпаратты үшінші тұлғаларға беруден қорғауға кепілдік береді.

Мемлекеттік органға қызметті қолдану үшін қажет деректерді ғана ұсынады. “Мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру бағытымыз қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндік береді.

Біз іске қосқан қызметтер әр адам үшін ыңғайлы болуы керек. Маған, министр ретінде, әр қазақстандық мемлекеттік қызметтерді өзіне ыңғайлы сервистер арқылы және кезексіз, артық уайымсыз қолдануы маңызды. “Тіркеуден шығару” қызметі – ең сұранысқа ие сервистің бірі және енді оны өз смартфоныңыз арқылы қолдану әрине қуанышты жаңалықтың “, – деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Halyk Bank Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова жаңа сервистің іске қосылуы туралы айта келе, қазақстандықтар үшін күн сайын ыңғайлы әрі цифрлы қызметтер артып келе жатқанын атап өтті: “Бүгінде барлық қызметтің 80%-ға жуығы электронды форматта ұсынылады.

Біз банк ретінде қазақстандықтар талап ететін онлайн-қызметтерді енгіземіз, бұл мемлекеттік ведомстволармен тиімді интеграция есебінен жүзеге асырылады.

Осындай нәтижелі серіктестік клиенттердің алғысына айналады. Себебі тиісті ведомстволарға бармай-ақ түрлі қызметтерді тез әрі оңай қолдана алады”. ҚР ІІМ Министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов айтқандай, ” ІІМ Қазақстан азаматтарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру жұмыстарын жалғастыруда.

Айта кету керек, ҚР Ішкі істер министрлігі банк қосымшалары арқылы азаматтар мен автокөліктерді тіркеу саласында қызмет көрсетуді жеңілдететін бірнеше жобаны іске қосты. Мысалы, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Halyk Homebank қосымшасы арқылы тұрғылықты жері бойынша үйге тіркеуге тұру немесе егер сіз тұрғын үй иесі болсаңыз, өзіңіз тіркеле аласыз”.

Айта кетейік, Halyk Homebank қосымшасында ғана ұсынылған бірегей сервис алғаш рет Мемлекет басшысының қатысуымен ҚР Ішкі Істер Министрлігінің 30 жылдығына арналған форумда ұсынылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521