Енді үйден шықпай ЖШС тіркеуге де болады

(0 Votes)
https://atpress.kz

ҚР Әділет министрлігі Digital Justice жобалар жиынтығы шеңберінде жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды https://atpress.kz тілшісі.

Енді ел азаматтары мобильді қосымша арқылы ЖШС тезарада тіркеуге мүмкіндік алды. Бұл туралы ҚР ӘМ ресми сайтында хабарланды. Ол үшін Bereke Bank-тің B-Business мобильдік қосымшасын жүктеп алып, биометрия көмегімен авторизациялау және «ЖШС тіркеу» қызметін таңдау қажет.

Қызмет Қазақстан резидентінен тұратын жалғыз қатысушысы бар ЖШС үшін қолжетімді. Әрі қарай, заңды тұлғаның атауын, құрылтайшының аты-жөнін, бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерін, салым сомасын, ЖШС құру туралы шешімнің деректемелерін, жылжымайтын мүлік туралы деректерді, қызмет түрін және т. б. ақпараттар көрсетеді.

Барлық қажетті жолақтарды толтырғаннан кейін тұтынушы өтінішке қол қояды және кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы бірден хабарлама алады. Ол автоматты түрде мемлекеттік кірістер және статистика органдарына жіберіледі, сондай-ақ Bereke bank-те шот ашылады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика