Енді баланың қайда жүргенін «Bluetooth» арқылы анықтауға болады!

(1 Vote)

Қазақстанда баланың тұрған орнын анықтауға мүмкіндік беретін «Тап мені» жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

«Биыл министрлік тарапынан жүзеге асырылатын ілкі жобаларға тоқталып өтсем. Бұл – баланың жүрген жерін анықауға мүмкіндік беретін «Тап мені» балалардың қауіпсіздік жүйесі. Ол – Bluetooth желісінде жұмыс істейтін трекерлерді мониторингілейтін мобильді қосымша.

Қосымша ата-аналардың смартфонына орнатылады. Ал трекерді баланың киіміне немесе мектеп сөмкесіне жапсырып қоюға болады. Баламен байланыс жоғалған жағдайда ата-аналары қосымшаның трекер шамшырағын іздеу режимін қосады.

Сонымен қатар жүйе Жедел басқару орталығымен ықпалдастырылған. Демек, баланы іздеу туралы дабыл автоматты түрде полицияға да түседі» деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

https://atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика