Елу жылдан кейінгі кездесу

(0 Votes)

М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебін 1972-1973 оқу жылында бітірген түлектер туған мектебінде 50 жылдан кейін сағынышпен бас қосты.

Араға жарты ғасыр уақыт салып кездескен түлектер тойына  ұстаздары да  шақырылды. Еліміздің әр түпкіріне тарыдай шашылған түлектердің өздері де сол күні мерейлі шараға қатысуға асықты.

1973 жылы қазақ класын бітірген 96 түлек, әрқайсысы арманның жетегінде өмір жолын бастап кетеді. 50 жылдық мерейтойға келген түлектер өмірден ерте озған кластастарын аудандық мешітке барып, құран бағыштады. Жылдар бойы бір-бірін көрмеген түлектер қауышып,  марқайып қалды.

- Осы кездесуге келген кластастарымызды көріп, 50 жылда жеткен жетістіктерін біліп, қуанып жатырмыз. Бәріміз ақсақалдық жасқа жеттік. Қыздар жағы ақ жаулықты әже болыпты, -деді кездесуге  арнайы келген  Аудандық Статистика бөлімінің ардагері Өтегенов Елемес ағамыз.

Сонау балалық кезді еске алып, талай-талай қызық оқиғалардың басын шалды. Физика пәнінің мұғалімі Касимов Мұқси Касимовичты, химия пәнінің мұғалімі Караменов Иса Караменовичты, орыс тілі маманы Галина Илларионовна Плотицынаны тағы басқа да дәріс берген ұстаздарын толғана еске алып, қазақ тілі шебері, сынып жетекшісі болған Бағила Мусағалиевның берген ақыл-кеңестерін өмірлік серік еткендігі жөнінде  ой өрбітті.

Бір күн, бір түн айтса да, таусылмайтын әңгімелері бар еді.  Шер тарқасып, бір замандағы қыз-жігіттерболып, кластарын аралап, қуанышты күйде тарқасты.

М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта

мектебінің тәрбие орталығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521