Еліміздегі екі жетекші оркестрдің музыкалық аспаптары жаңартылды

(0 Votes)

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің алдағы 90 жылдығы және Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің  40 жылдық мерейтойына орай екі оркестрге 40 домбыра тарту етілді.

«Биыл біз шығармашылық ұжымдармен көптеген кездесулер өткіздік. Ашық диалог барысында көтерілген басты мәселелердің бірі – музыкалық аспаптарды жаңарту және сатып алу қажеттілігі. Бұл көп күттірмей шешуді қажет ететін қордаланған мәселе болды. Сондықтан біз демеушілік қаражат есебінен бұл жұмысты қолға алу туралы шешім қабылдадық. Бірден шебер Жолаушы Тұрдығұловқа 40 домбыра жасаттық. Бүгін сол домбыраларды өздеріңізге табыстап отырмыз. Осы жобаның іске асуына демеу көрсетіп, атсалысқан барша азаматқа алғыс айтамын», – деді Дәурен Абаев.

Домбыралар кәсіпкер және меценат Тимур Тұрловтың жеке қаражаты есебінен сатып алынды.

«Өнер әрқайсымызға ерекше әсер етеді. Ол біздің санамызды өзгерте алады, рухтандырады, халықтар мен мемлекеттерді біріктіреді. Сондықтан бизнес өкілдері үшін өнер қайраткерлеріне қолдау көрсету маңызды деп есептеймін. Отбасым мен компаниямның атынан қазақтың халық музыкасын орындайтын екі жетекші оркестрге қасиетті аспап - домбыра сыйлаймын. Музыканттардың шығармашылығы ел игілігіне қызмет етіп, әлемдік аренада дәріптеле берсін», –  деп атап өтті ол.

 

ҚР МСМ баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

Сайлау

ybory-2023-price

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика