Елімізде жанармайды темір жол және көлікпен шығаруға тыйым салынған

(0 Votes)

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр елімізде жанар-жағармайдың жағдайын реттеу үшін түрлі шаралар қабылданғанын еске салды. Жанармайды темір жол және көлікпен шығаруға тыйым салынды. Сондай-ақ ресурс иелеріне жанармайды тікелей жанармай станцияларына сатуға міндеттейтін заңнамалық нормалар қабылданды, - деді Ақшолақов ОКҚ-да.

Сөзінше, сонымен бірге мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату кезіндегі өнімсіз делдалдар алынып тасталды. Бұдан басқа, былтырдың тамыз айында біз тапшылықты азайту үшін сараланған баға (450 теңге) және лимиттер (300 литрге дейін) енгіздік.

Бірақ барлық шектеуге қарамастан, «көлеңкелі экспорт» арқылы отынды шығару мүмкіндіктері табылды, - деп түсіндірді ол.

Министрдің айтуына қарағанда, тапшылықты болдырмау үшін еліміз шұғыл түрде қымбат импорттық отынды сатып алуға мәжбүр болып отыр.

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика