Елімізде жәрдемақы 9% артты

(0 Votes)

Биыл асыраушысынан айрылған және еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда берілетін төлем көлемі 9 пайызға өсті. Бұл туралы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел мәлім етті.

«Асыраушысынан айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем бала 18 немесе 23 жасқа толғанша беріледі. Аталған төлем бала ата-анасынан айрылған жағдайда тағайындалады. Егер әкесі қайтыс болса, төлем анасына беріледі немесе керісінше. Сол сияқты төлем отбасындағы баланың санына қарай тағайындалады», - деді Нұрсұлу Кемел ОКҚ-де өткен брифинг барысында.

Қор басшысының мәліметінше, қазір елімізде 57 мыңнан астам отбасы асыраушысынан айрылғаны үшін берілетін төлемді алып отыр.

«Бір жылдың ішінде кемінде 7 мыңға жуық жаңа әлеуметтік төлем тағайындалады. Бала 18-ге толғанда төлем автоматты түрде тоқтатылады», - дейді ол.

Сонымен қатар спикер былтыр асыраушысынан айрылғанда берілетін төлемге 27 млрд теңге, ал биыл 6 айда 18 млрд теңгенің жұмсалғанын айтып өтті.

«Биыл 1 қаңтардан бастап асыраушысынан айрылған және еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда берілетін төлем көлемі 5 пайызға артты. Ал биыл 1 сәуірден бастап аталған төлемдердің көлемі тағы 4 пайызға өсті. Осылайша былтырға қарағанда 9 пайызға артып отыр», - деп толықтырды Н. Кемел.


 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика