Елімізде осал топтардың кәсіп бастауына арналған қайтарымсыз грант мөлшері артты

(0 Votes)

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіп бастауға берілетін мемлекеттік грант мөлшері енді 1 млн. 222 мың теңге, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сонымен қатар, грантқа ие болудың шарттары да өзгеріп, кейбір шектеулер енгізілді. Мәселен, осыған дейін грантқа жұмыссыздар, еңбекке қабілеті бар мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қол жеткізіп келген еді. Биылдан бастап жұмыссыз ретінде тіркелген адам "Бастау - бизнес" аясында грант ала алмайды. Енді әлеуметтік жағдайы төмен отбасы санатындағылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, көпбалалы отбасынан шыққан жастар, мүгедек баланы асырап отырған аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар ғана аталмыш грантты иелене алады.

– Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аяқталды. Ол халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған еді. Биыл кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жоспары басталды. Оның аясында Атырау қаласы бойынша, 200 болашақ кәсіпкерге грант беру жоспарда. Соның ішінде 69 грант жастардың үлесіне тимек. Аталмыш жоба бойынша кәсіп бастауды жоспарлап жүрген азаматтар тарапынан өтініш берушілер қатары күн сайын артып келеді. Былтыр да 200 грант беріледі деген жоспар болған. Алайда өтініш берушілердің қатары көп болғандықтан, қосымша 55 грант бөлінді, - деді Атырау қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлнәр Құспанова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521