Елімізде көкөніс арзандады

(0 Votes)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде көкөніс бағасы арзандағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күзде дәстүрлі түрде баға арзандайды, оның ішінде көкөніс бағасында өзгеріс бар. Соңғы мәліметтер бойынша картоп, сәбіз және пияз бағасы түсті», - деді Е. Қарашөкеев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, ел аумағында жаппай егін орағы жүріп жатыр. Осы орайда миллион тонна картоп жиналған. Сонымен қатар егіс алқаптарында пияз жинау аяқталып келеді.

«Бағаның өсімі негізінен сауда желілеріне тиесілі болды. Егіс алқаптарында картоптың келісін 120 теңгеден алып кетіп жатыр», - деді министр.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика