Елімізде ескірген көше, елдімекен атаулары өзгертіледі

(0 Votes)

Бұл туралы Атырауда өткен ономастика мәселелері талқыланған семинарда айтылды.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Абдулиев төрағалық етті, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік комуникациялар қызметі. Ономастика саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді түсіндіруге бағытталған шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары әкімдіктері жанындағы ономастика саласымен айналысатын басқарма және бөлім басшылары, Атырау облысына қарасты барлық аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Шараның басты мақсаты - ел аумағында ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымды, идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен құрамдас бөліктерді қайта атау бойынша 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасы мен өзектендірілген «Тарихи тұлғалар» тізімін насихаттау, оны жұмыс барысында басшылыққа алу.

- Барлық өңірлерде орталық семинарлар ұйымдастырылуда. Ақмола, Алматы және Жамбыл облыстарында өткізіліп, семинарды қорытындылау мақсатында Атырау облысында бас қостық. Мұнда Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының аталаған салаға қатысты қызметкерлері жиналып, ұсынымдары талқыға салынды. Идеологиялық тұрғыда ескірген көше, елдімекен, бөлім атауларын Жол картасы арқылы 2022-2025 жылға дейін ретке келтіру жоспарланды. Бұл кейінгі ұрпаққа өсиет, тарих. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қаншама атаулар өзгертілді, алайда жасалатын жұмыстар баршылық. Осы кездесулердің соңында барлық ұсыныстарды жинақтай отырып, әдістемелік топ құру арқылы жетілдіреміз, - деді Ақан Абдулиев.

Соңғы жаңалықтар

Сайлау

ybory-2023-price

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика