Қазақстанда инфляция әсерінен жалақы өсімі де жалғасып жатыр. Бүгінде ең жоғары жалақыны тау-кен өнеркәсібіндегілер алса, ең төменгі жалақыны ойын-сауық және демалыс саласындағылар , деп хабарлайды Ranking.kz порталы.
Ranking.kz зерттеуінше, осы жылдың екінші тоқсанында жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 287,1 мың теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,9 пайызға артты. Бұл ретте номиналды жалақының сатып алу қабілеті 7,9%-ға өсті. Айта кетері, елімізде инфляция 17,7 пайызды құрап отыр.
"Ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы тау-кен өнеркәсібі және кен қазу саласында (561,6 мың теңге), сондай-ақ қаржы және сақтандыру қызметінде (540,4 мың теңге) екені белгілі болды", - дейді сарапшылар.
Одан кейін ақпарат және байланыс салалары – 378,9 мың теңге, кәсіптік, ғылыми-техникалық қызмет – 378,7 мың теңге, осондай-ақ көлік және қойма шаруашылығы тұр – 330,4 мың теңге.
"Жалақының сатып алу қабілеті бойынша өсім көлік және қойма секторында – 2021 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 17,6%-ға, құрылыста – 14,7%-ға және әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметшілер арасында 13,6%-ға байқалады", - делінген зерттеуде.
Тек денсаулық сақтау саласының сатып алу қабілеті 1,6%-ға төмендеген.
"Ең төменгі орташа айлық атаулы жалақы сумен жабдықтау, сондай-ақ қалдықтарды жинау, өңдеу және көму, жою қызметі – 167,9 мың теңге, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 171,1 мың теңге, өнер, ойын-сауық және демалыс – 179 4 мың теңге – салаларында байқалған", - дейді сарапшылар.
Биылғы екінші тоқсанда негізінен орташа жалақыны Атырау облысында – 471,9 мың теңге және Маңғыстау облысында 414,8 мың теңге алған. Айта кету керек, мұндай көрсеткішке мұнай саласының арқасында қол жеткізуге болады.
Жалақы көрсеткіші ойынша одан кейінгі орында Ұлытау облысы (364 мың теңге), сондай-ақ Астана – (346,7 мың теңге) және Алматы қалалары (314,8 мың теңге) тұр.
"Ең аз жалақы Солтүстік Қазақстан облысында (212,1 мың теңге), Шымкент қаласында (218,7 мың теңге) және Қостанай облысында (223,8 мың теңге) тіркелді", - делінген зерттеуде.
Сонымен қатар, жалақының сатып алу қабілеті 2021 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда Қазақстанның барлық аймағында – елордада 1,1%-дан Қызылорда облысында 16%-ға дейін өскен.