Елімізде бизнес нысандар колледждерге тәлімгерлік жасайтын болады

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Таlap» коммерциялық емес ұйымының вице-президенті Санжар Тәттібеков айтты.

Бизнес сектордың кәсіптік-техникалық колледждерге қолдау көрсетуі арқылы, өндіріс орындарын сапалы кадрмен қамтамасыз етуге жол ашылады.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесу кезінде, колледждерге тәлімгерлік жасау мәселесін көтерген болатын. Қазіргі таңда колледждерге академиялық дербестік берілді. Колледждер талапқа сай кадр даярлай алады.

Біз жер қойнауын пайдаланушылардың табысының 1 пайызын колледждерге бөлуінің бірегей механизмін жасақтайтын боламыз. Бұл қаржы оқытушылардың біліктілігін арттыру, оқу процесі аясында студенттердің шет елдерде білімін шыңдау, яғни, ​ отандық сапалы кадр даярлау ісіне жұмсалатын болады» деп атап өтті «Таlap» коммерциялық емес ұйымының вице-президенті Санжар Тәттібеков атыраулық колледждер басшыларымен кездесу кезінде.

Еске сала кетелік, Атырау облысында 24 колледж бар.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика