Елімізде азық-түлік тағы 50 пайызға қымбаттауы мүмкін

(0 Votes)

Қазақстанда азық-түлік тағы 40-50 пайызға қымбаттауы мүмкін. Экономист Андрей Чеботаревтің айтуынша, импортқа тәуелді кез келген ел сияқты, республика да тұрақсыз логистикадан зардап шегуі мүмкін, әсіресе, қазіргі геосаяси жағдайда. Кейбір мемлекеттер тауарлардың экспортын шектесе, басқалары уәде етілген көлемдегі өнімді алмайды. Сарапшы бұған қарамастан Қазақстан халқына аштық қауіп төндірмейді дейді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

“Қазіргі көрсеткіштен 40-50%-ға және одан да көп. Біз өзімізді негізгі тауарлармен қамтамасыз етіп отырмыз, яғни бидай, астық, нан. Біз Таяу Шығыс сияқты қатты зардап шекпейміз. Оларды расымен де аштық күтіп тұр. Бұрынғыдай емес, аз жейтін боламыз, бірақ аш қалмаймыз”, – деді маман.

Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала әлемдік азық-түлік бағасының өсуіне экспорттық шектеулер себеп болғанын айтқан болатын. Оның айтуынша, елдер экспорт шарттарын қайта қарауы керек. Сондай-ақ ол Украинадан астық экспорттау мәселесі шешілетініне сенім білдірді.

Бұған дейін Батыс елдері Ресейді Украинаның ауылшаруашылық өнімдерін жеткізуге тосқауыл қойып отыр деп айыптап, бұл әлемде ашаршылыққа әкелуі мүмкін екенін жеткізді. Ресей билігі бұл айыптауларды жоққа шығарады.

“Менің ойымша, біз естен шығармауымыз керек нәрселердің бірі – экспорттық шектеулер мен тыйымдардың жағдайды нашарлатуы. 2008 және 2009 жылдардағы азық-түлік дағдарысы кезінде бағаның шарықтауына дәл осындай әрекеттер әкелген”, – деді Нгози Оконджо-Ивеала.

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

25qazan-respublika

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика