Елімізде автокөлік саласы жақсы дамып келеді

(0 Votes)

4 пайыздық жеңілдетілген кредит көліктің құнына емес, берілетін несиеге байланысты болады.

Яғни, 10 млн теңгеге дейін кредит беріледі. Егер көліктің құны соның ішінде болатын болса, сіз оны емін-еркін ала аласыз. Ал егер алып жатқан көлік құны одан қымбат болатын болса, айырмасын өз қалтаңыздан төлейсіз. Несие отандық көліктердің барлық модельдеріне беріледі. Тек қымбат модельдерге берілмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алағында өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев несие алу алгоритмін түсіндіріп өтті.

Оның айтуынша, елімізде автокөлік саласы жақсы дамып келеді. 

«Бізде автокөлік саласы жоқ. Құр дөңгелегін алып, қоя салады деп жатады. Бұл олай емес. Жалпы, көлік құрастыру саласын үш кезеңге бөлуге болады. 1-кезең - ірі торапты құрастыру. 2-кезең - ұсақ торапты құрастыру. 3-кезең – қосалқы бөлшекті өз еліңде шығару. Бұл әлемдік алгоритм. Өткен 10 жылда біз толығымен ірі торапты құрастыруды үйрендік. Енді ұсақ торапты құрастыруға өтіп жатырмыз. Ірі торапты құрастырғанда 50-100 операция жасалады. Ал ұсақ торапта – дәнекерлеу, бояу, шанақты осында құрастыру, оны майыстыру бар, яғни мыңнан астам операция жасалады. Оны істейтін мамандар ел азаматтары. Бүгінгі қалыптасып келе жатқан елдің инженерлік потенциалы. Сервистік қызметтерді қоса есептегенде, 14,5 мың адам еңбек етуде. Олар жоғары жалақы алады, жоғары технологиялық мамандар ретінде қалыптасуда», - деді спикер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521